+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Кітап оқудан тыйылсақ, ойлаудан да тыйыламыз"

Кітапхананың кезекті кәсіби біліктілік сабағында директор орынбасары Г.Алпысбаева "Оңтүстік Қазақстан" облыстық газетінің 22 шілдедегі санында жарияланған публицист-жазушы Молдағали Матқанның "Кітап оқудан тыйылсақ, ойлаудан да тыйыламыз" атты мақаласын таныстырып, ол бойынша кітапханашылар арасында қызу пікір алысу өтті. Сондай-ақ, ғылыми хатшы З.Жантасова Астана қаласында өткен шығармашыл зиялылардың басқосуы мен Араб каллиграфиясының көрмесі туралы әңгімеледі. Анықтама-библиография бөлімінің сектор меңгерушісі А.Аманова баспасөз бетіндегі соңғы өзекті саяси, мәдени жаңалықтарға шолу жасады.

Жас кітапханашы М.Байшанова өзіне ұнаған жазушы Ә.Оспанның "Сезім сәулесі" кітабы туралы әңгімелеп, әріптестерінің назарына ұсынды. Әңгіменің ең қызық жерінен үзінді оқыған Мақпал, оқиғаның әрі қарай қалай өрбігенін білу үшін кітапқа үңілуге кеңес беріп, ұсынған кітабына көпшіліктің қызығушылығын оята білді. ІІ топтағы жас қызметкерлер үшін оқу залының сектор меңгерушісі Г.Асилбекова кітапхананың статистикалық құжаттары бойынша тәжірибелік сабақ өтті.