«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-әрекеттер»
Халықаралық әйелдерге қатыстьы зорлық-зомбылықты жою күні мен Халықаралық адам құқығы күніне орай өтіп жатқан «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-әрекеттер» акциясы аясында №9 Ө.Жолдасбеков атындағы лицейде кездесу кеші өтті. Кездесуге «Сана-сезім» әйелдер бастамалық құқықтық орталығының әлеуметтік қызметкері Наргиза Ирисметова мен Эльнара Ағманова, Әл-Фараби ІІБ ЖЛҚБ әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық құқықбұзушылық бөлімінің аға лейтенанты Айгүл Қалиева, «Асыл Әлем» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұргұл Қобланова, «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директор орынбасары Гүлмира Алпысбаева қатысты.
Бүгінгі таңдағы қоғамда орын алып жатқан отбасындағы анаға және балаға қатысты зорлық-зомбылық пен оның салдары туралы мамандар кеңес беріп, бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ, «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы баспасөз бетіндегі аталмыш мәселені көтерген өзекті мақалалардың тақырыптық сөресін ұсынды.