"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы жазушы, журналист Күлия Айдарбекова атындағы руханият кабинетінде қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған "Шымкент – шаттық шырағы" жыр мүшәйрасының іріктеу кезеңі аяқталып, шешімі шығарылды.
Жыр мүшәйрасына ақын Абай Қалшабек, Құрал Көмеков, Гүлнар Өмірбек қазылық етті.
Жалпы 40 өтінім түскен мүшәйрада 6 өтінім талаптарға сай болмады. 7 өтінім бастауыш сынып оқушыларынан түскендіктен, қазылардың шешімімен іріктеу кезеңіне жіберілмеді.
Іріктеу кезеңінен өткендер: Марғұлан Жанбау
Әбдісаттар Әліп Arailym Muratalieva Мұқағали Кенжетайұлы Сұлухан Мыңбаева
Алаудин Назгүл
Даурен Тілеухан Арқалық Әмәлият Азамат Алибек Дәурен Айманбет
Ғалым Қасымханұлы Бауыржан Ерман