Он жылдықтар тоғысында» атты кітап-альбомды, «Көксарай» мәдени-танымдық, этнографиялық кітап-альбомды, «Үндемес ата ұлағаты» атты кітаптардан бес данадан тарту етті
«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қорын Ахмет Әбутәліп Охапұлы мырза жуырда ғана баспадан шыққан , әсем безендірілген бірнеше кітаптармен толықтырды. Отырар өңірінің тумасы Жанысбеков Оразхан Кенжеұлының демеушілігімен баспадан шыққан «Он жылдықтар тоғысында» атты кітап-альбомды, «Көксарай» мәдени-танымдық ,этнографиялық кітап-альбомды, Ұлжан Дәуренбекованың «Үндемес ата ұлағаты» атты кітаптардан бес данадан тарту етті.Көркемдігі көздің жауын алар кітаптың өлкетануға қосылған қомақты дүние екенін пайымдадық. Отырар өңірінің тумасы, өз өңірінің аңызы мен әпсанасын, туып өскен жері Көксарайдың тарихи атауларын, табиғатын, ондағы белгілі тұлғалардың өмірін ұрпақ жадында қалдыру мақсатында баспадан шығарғанын ұғындық.
Отырар және Түркістан өңірінде жомарттығымен ,ақылдылығымен ел есінде сақталған Үндемес бай туралы тарихи деректер мен әңгімелер ,ашаршылық жылдарындағы қазақ ұлты басынан кешірген нәубет туралы жазылған Ұлжан Дәуренбекованың «Үндемес ата ұлағаты» кітабының оқырманы да көп боларына сенеміз.
Туған өлкесіне деген шексіз сүйіспеншілігінен өскен өңірінің тарихын зертеп, кейінгі ұрпаққа өнеге ету мақсатында азаматтық ісіне адалдық танытып жүрген белгілі кәсіпкер , «Толағай»ЖШС-ның Бас директоры Жанысбеков Оразхан Кенжеұлына алғыс білдіреміз. Ұлт руханиятына сіңірген еңбектеріңіз жемісті болуына тілектеспіз.