«Тәуелсіздік – тірегім»
2019 жылғы «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Оқырмандарға қызмет көрсету» секторының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы Д.Нұрпейісова атындағы №116 жалпы орта мектеп ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбында тарихи-танымдық сағат өтті.
Кеште Тәуелсіз еліміздің еркіндігі мен азаттығы жайында жырлар айтылып, патриоттық әндер орындалды.
Іс-шара аясында Желтоқсан оқиғасына қатысты әдебиеттер мен деректі материалдар қойылып, кеңінен насихатталды.