+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҰМЫТЫЛМАС ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРЫ

2019 жылы 12 желтоқсанда Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастыруымен көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай «Қазақ елінің ұмытылмас ұлы тұлғалары» атты Халқаралық конференциясы өтті.
Конференцияда «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Оқырмандарға қызмет көрсету» секторы ұйымдастыруымен кеңейтілген кітап көрмесін ұйымдастырып, зиялы қауым мен жалпы оқырман назарына ұсынды. Көрмеге ұлт тарихындағы ұлы тұлға Т.Рысқұлов туралы ғылыми еңбектер мен зерттеулер, сондай-ақ басылым беттеріндегі материалдар, Еуразияның мәдени-тарихи мұрасы үшін Түркі әлемінің құндылықтары бойынша жаңа ғылыми зерттеулер қойылды.
Қазақ халқының ұлттық мүддесі жолында еңбегі ерен Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қоғамдық қызметі жайында ойларын ортаға салған өрелі ұрпақ ғибраты мол жиыннан рухани қуат алып, тарқасты.