+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ

2019 жылғы 12 желтоқсан күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы Ақпараттық-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне» орай «Cambridge Line» мектеп-лицейінде «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры» атты кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман қауымға жете таныстырылды..
Көрменің сөрелерін Тәуелсіз еліміздің орнауы мен дамуындағы тарихи кезеңдердің көрінісін сипаттаған, сондай-ақ ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел болу жолындағы өткелдерінен сыр шертер еңбектері, баяндамалары, Егемен еліміздің бүгінгі саяси-экономикалық жағдайы мен алдағы жоспарларына бағдар берер кітаптар мен мерзімді басылымдар, құжаттық деректер қамтыды.