«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының жазушы-драматург Е.Тұрысовтың музей-кабинеті сөресін Ілияс Есенберлиннің өз қолтаңбасымен жазушыға сыйға табыстаған «Алмас қылыш» тарихи романы қамтыған.
Романда автор қазақ халқының өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасу жолындағы күресін суреттейді. XV ғасырда әртүрлі хандықтар құрамында бытырап жүрген қазақ руларының өмірі, қанаушы үстем тап өкілдерінің озбырлығы, ел-елдің қарым-қатынасы, қанды жорықтар сипаты романда тарихи деректер негізінде тартымды бейнеленген.
Аяулы інім, Еркінбек!
Өміріңде, еңбегінде бақытты болуына тілектес І.Есенберлин.
10 май 1973 ж. Алматы қаласы