+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Тәуелсіздік – таң нұры»

2019 жылғы 13 желтоқсан күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Шет тілі әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен «16-желтоқсан – Тәуелсіздік күніне» орай «Тәуелсіздік – таң нұры» тақырыбында тарихи-танымдық кеш өтті.
Тарихи кеште қазақ халқының тарих өткелдерінен басынан кешкен оқиғалары мен егемен ел болу жолындағы тарихи тұлғалардың ерліктері мен еңбектері дәріптеліп, патриоттық әндер орындалды.
Шараға қатысушылар еліміздің азаттығы үшін құрбан болған боздақтарды еске алып, ұлт тарихында есімдері мәңгі өшпес тұлғалардың өмірі жайында мағлұматтар алды.