+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Аңыздың ақыры»

Бүгін Отырар қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Кітапхананы дамыту бөлімінің ұйымдастырумен «Бір ел-бір кітап» акциясын қорытындылау шарасы өтті. Шараға қаладағы барлық мектеп кітапханашылары қатысып, шара барысында биылғы «Бір ел-бір кітап» акциясына таңдалған Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасы бойынша сурет сайысы өткізіліп, Ә.Тәжібаевтың шығармаларынан өлеңдер оқылып, Ж.Шанин атындағы академиялық драма-театрының актерлері керемет қойылым қойып, қазақтың біртуар тұлғалары Ә.Кекілбаев пен Ә.Тәжібаев туралы Silkway халықаралық университетінің ғылыми-зерттеу институтының директоры Б.Жақыпбеков баяндама оқып, соңында шараға белсене қатысқан оқырмандар марапатталды.