+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Әлем таныған тұлға»

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Әлем таныған тұлға» тақырыбында Тұңғыш Президент күніне орай мерекелі кеш өтті.
ХББ Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары кітапхананың Коворкинг – Білім орталығында библиографтардың берген мәліметтерінің негізінде уикипедияға Елбасы туралы мәліметті енгізуді және редакциялап, жаңалауды ұйымдастырды. Сондай-ақ, Елбасы есімін иеленген мектеп оқушылары өз қолдарынан жасаған бұйымдар мен жобалардың көрмесін ұйымдастырды.
Қаратау аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қалдыбек Ырсалиев, жазушы С. Исақ және «Өрлеу» ұстаздардың біліктілігін арттыру орталығының мамандары көпшілікті мерекемен құттықтады.
НЗМ оқушылары Нұрсұлтан аталарына арналған жыр жолдарын оқыды, ал «Ақерке» балалар бөлімінің жас бүлдіршін оқырмандары әдеби композициясы орындады. Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері оқырмандарға Елбасының қанатты сөздерінен әдеби композициясы ұсынды.
Кеш барысында оқырмандарға Елбасының өмір жолы, балалық шағы, Днепропетровск, Теміртау кезеңдері туралы слайд ұсынылады. Елбасы туралы деректі фильмдерден үзінді көрсетіледі. Кітапхананың Елбасы залына экскурсия ұйымдастырылды.
Мерекелі кешті директор орынбасары Алпысбаева Г. қорытындылады.