Қазақстан Жастар Одағы және халықаралық Алаш сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Түркістан, Кентау қалаларының құрметті азаматы, Тәуелсіз халықаралық «Ильхам» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, республикалық ұлттық-этнографиялық «Дәстүр» журналының бас редакторы Қасымхан Бегмановпен кездесу кеші өтті.
Кеште Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі Қалдыбек Құрманәлі құттықтау сөз сөйледі. Ақын Сатыбалды Дулати естелік айтты. Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры, мәдениет саласының үздігі Жәнібек Тағаев «Дәстүр» журналының маңызына тоқталды. №24 мектеп директоры Ұлжалғас Есім Қасымхан Бегмановтың ақындық әлемімен қоса азаматтық болмысы жайында әңгімеледі. Студенттер мен оқушылар қаламгер шығармашылығы жайында сауал қойып, шығармашылық әлемі жайында ой қозғады. Ақынның әсем әндері шырқалып, жырлары жатқа оқылды.