«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Халықаралық Физули сыйлығының иегері, ақын Құрал Көмектің «Үнсіздіктің үнін тыңдап» атты кітабының таныстырылымы өтті. Ақынның «Мен – даланың ұлымын» поэмасы ағылшын, түрік және орыс тілдеріне аударылғанын, «Бөрілерге гипотеза» жыр жинақтарының арабшаға аударылғаны көңіл қуантады.
«Ай туып келеді», «Бөрілерге гипотеза», «Сенім жеңісі», «Баба рухы-гольфстрим ағысы» атты жыр жинақтарының авторы Құрал Көмектің жаңа кітабының таныстырылымына мектеп оқушылары мен студенттер қатысты. Еркіндікті, рухты жырлаған ақынның жырларын жастарды рухтандырды. Ақын шығармашылығы жайында қойылған сұрақтарға жауап берді, өлеңдерін жатқа оқыды. Ақынның көркемдік әлемінен сыр шертетін бейнесюжет ақын тебіреністерінен әсем сыр шертті. Кітапхана директоры Күлия Смайлыханқызы жаңа кітаптың оқырманы көп болуына тілек білдіріп, кешті қорытындылады.