2019 жылғы 18 қараша күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына Халықаралық акмеология ғылымының академигі, Әлемдік ғылым, өнер және байланыс саласы Конгресінің вице-президенті, «ХХІ ғасырдың көрнекті интеллектуалы» медальінің иегері Сайлыбай Бекболатов келіп, «Қазақтың мәңгі күнтізбесі» деген атау қойған әлем ғалымдарының қолынан келмеген күнтізбенің ерекшілігімен таныстырды.
Ғарыш саласының маманы жаңа күнтізбенің физика-жаратылыстану ғылымдарымен сәйкес келетінін айтады.
Ғалым 2020 жылдың наурыз айында дүниежүзінің ғалымдары арасында ғылыми тұжырымының таныстырылымы жоспарланғанын айтып өтті.
«Iсiм дұрыс кезде алған бетiмнен қайтқан емеспiн» деген ұстанымдағы өнертапқыш өз сөзінде: «Бұл күнтізбе қабылданбаса да, халықтың болашағы үшін бердім, ұсындым. Қазақ күнтізбесі күн мен түннің теңелген кезінен басталады. 13 айдан тұрады. Наурыз айында 29 күн, қалған 12 айда 28 күннен. Жаңа пайда болған айдың атауы «Жыланды» деп аталады. Ай санының 13 болуы барынша қолайлы. Онда әр айдағы күндер, аптаның бірінші күнінен басталады. Басты жетістігі - оның ғылыми негізділігі» - дейді ғалым.
Сайлабай Бекболатовқа Әділет министрлігі жаңа күнтізбе мен жаңа жұлдызнамаға патент берген. Ынталы топ календарды енгізу жөнінде Біріккен ұлттар ұйымына хат жолдаған. Егер әлемдік ұйымнан қолдау тапса, қолданысқа енуі ғажап емес.