+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ҚАНАТ ҚАЛҚАБАЙҒА АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУШЕШЕРІ!

"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында 2019 жылдың 9 қараша күні қазақ мәдениеті мен өнерінің тарихында аты-жөні үлкен әріптермен жазылатын тұлға, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі Қанат Қалқабайға арналған естелік кітаптың тұсаушешер рәсімі өтті. Көркіне көз тоймайтын Қасқасу аймағынан қырандай биікке самғап, өнердің көгін көктей өткен аса дарынды тұлғалардың бірі – Қанат Қалқабайға арналған естелік кітаптың тұсаушешер кешін ақын, журналист, ғалым, баспагер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Темірғали Көпбай жүргізіп отырды.
Айта кететіні, кітап Темірғали Көпбайдың "Қазығұрт" баспасынан жарық көрген, халыққа ұсынылып отырған кітапта белгілі суретшінің өмірі мен жетістіктері, сондай-ақ, Қанат Қалқабайдың жырлары мен туындылары топтастырылған.