+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ КЕШІ.

2019 жылдың 11 қараша күні Шымкент қалалық "Жастар ресурстық орталығында" жазушы, журналист, "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, Ғабит Мүсірепов атындағы сыйлықтың иегері, ҚР мәдениет қайраткері Айдарбекова Күлия Смайылханқызымен "Перзенттік парыз" атты жастармен кездесу кеші өтті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған шараға қатысқан жастар кеш иесін тапжылмай, мұқият ұйып тыңдады.
Кездесуде ақын Кендебай Ахат сөз алып, Күлия Смайылханқызының шығармашылығына тоқталып, кеш иесіне деген жылы лебізін жеткізді. Сонымен қатар, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Сая Қасымбек пен "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ғылыми-хатшысы Зылиха Жантасова кеш иесінің еңбектеріне тоқталып, шығармашылық табыс тіледі.
Тағылымы мол кеш екі сағаттан астам уақытқа созылды. Кеш соңында сұрақ-жауапқа көшіп, көкіректегі сұрақтарын қойған жастарға Күлия Смайылханқызы тұщымды, ой саларлықтай етіп толыққанды жауабын берді.
Жас айтыскер-ақын Біржан Байтуов жүргізіп отырған сырласу кеші Шымкент қалалық "Жастар ресурстық орталығының" ұйымдастыруымен өткізілді.
Рухани азық алған жастар кеш соңында Күлия Смайылханқызымен естелік суреттерге түсіп, тарқасты.