+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының тұрақты оқырманы, қала тұрғыны Бекмұрат Оңалбай

"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының тұрақты оқырманы, қала тұрғыны Бекмұрат Оңалбай Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, Жұмыспен қамту орталығының жолдауымен "Атамекен" ҰКП -ның "Бастау бизнес" жобасы бойынша 21 күндік оқуын тәмамдаған. Өзінің бизнес жобасын сәтті қорғап, 505 мың теңге мемлекеттік грантты жеңіп алған ол онлайн билет сатуды жүзеге асыратын easybus.kz интернет порталын іске қосқан. Яғни, портал қалада жүретін автобустардың электрондық билеттері және автовокзалдарды автоматизациялауға бағытталған.
Алматы қаласындағы ҚазҰУ - дің түлегі, жас кәсіпкер қазіргі таңда өзінің командасымен Шымкенттен шығатын 14 бағыт бойынша тиісті бағдарламалық жұмыстарды және төлем жүйесін ретке келтіріп жатыр. Қаладағы 5 автовокзалмен және Түркістан, Шардарадағы автовокзалдармен келісімге отырған. Онлайн билет сатып алу жүйелері автовокзалдарға тегін орнатылып жатса, порталмен жұмыс жасау жолдары да қызығушылық танытқандарға, автовокзал мамандарына ақысыз үйретілуде.
Мамандығы - механика.