+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Өзіне-өзі қызмет көрсету күні»

2019 жылғы 12 қараша күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Өзіне-өзі қызмет көрсету күні» өтті.

Шараны ұйымдастырудағы біздің мақсат – кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту, қала тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту, кітапханаға келген оқырмандардың көкейтесті сауалдары мен ұсыныстарын бақылау, сондай-ақ, оқырмандардың кітапхана қызметкеріне деген жақсы көзқарасын қалыптастыру.

Бұл күні мәдени мекеменің оқырмандарға қызмет көрсететін бөлімдерінің тұрақты да мәртебелі оқырмандары кітап оқуға келген оқырман қауымға қызмет көрсетіп, сұраныстарын орындады.