+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Ұлттық теңге – мемлекеттің мақтанышы"

1993 жылы 15 қарашасында айналымға енген өз ақшамызға 26 жыл толады.
15 қараша – ҚР ұлттық валюта күніне орай "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Шет тілі әдебиеттері бөлімінде "Ұлттық теңге – мемлекеттің мақтанышы" тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Осы ширек ғасырда теңге өзінің кескін-келбетін өзгертіп, құны да сан рет құбылды.
Іс-шара барысында оқырмандарға Қазақстанның ұлттық ақшаға көшу тарихы баяндалып, кітапханашы оның маңызын түсіндіріп, ақшаның пайда болу тарихына тоқталды. ҚР Ұлттық валютасы айналысқа енгені жайында слайд көрсетіліп, тақырып аясында кітап көрмесі жасақталды. Сондай-ақ, оқырмандарға алғашқы қағаз купюралар, ақшалар, кейінгі шыққан банкноттар көрсетілді. Қатысушылар ұлттық валютамыздың сол кездегі сыртқы өзгерістеріне назар аударып, қазіргі ақшалардың белгілерімен салыстырды.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар арасында викториналық сұрақтар қойылып, ойын ойнатылды.