"Латын әліпбиінде оқыту"
"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында латын графикасында оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында "Латын әліпбиінде оқыту" курсы жалғасын табуда.
Курста қатысушылар жаңа қазақ әліпбиінің құрылымы мен сипаттамасын, қазіргі айтылым және жазылым нормаларын үйренеді.
Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі курсына қызығушы оқырмандарды аптаның дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері сағат 10:00-де күтеміз.