2019 жылғы 31 қазан күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ақерке» балалар залында дос, достық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, бір-біріне деген мейірімділігін арттыру мақсатында «Достық еліне саяхат» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында балалар залының оқырмандары өмірдегі достары туралы айтып, «дос» деген ұғымның мәні мен мазмұнын ашуға тырысты. Сондай-ақ, достарының есімдерін айтып, жақсы қасиеттерін әңгімеледі.
Шара соңында балалар «Екі дос» атты мульфильмді тамашалады.