+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Алтын күз»

"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында 2019 жылдың 7 қараша күні «Өнер» бөлімі кітапханашыларының ұйымдастыруымен Шымкент қалалық балалар көркемсурет мектебінің композиция пәнінің мұғалімі Жиенбаева Әсел және кітапханашы Зулпухарава Айшаның қатысуымен «Алтын күз» атты шеберлік сабағы өткізілді.
Шара барысында балалар табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, сурет салды. Балалар өз кезегінде табиғатты аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға міндетті екендіктерін айтты.
Кітапхана қызметкерлері кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, жастарды кітап оқуға шақыра отырып, балаларды алғыс хаттармен марапаттады.