2019 жылғы 31 қазан күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Шымкент қаласының Волонтерлікті қолдау орталығының белсенді жастарымен бейресми кездесу кеші өтті.
Қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың әзірге басшысы Ж.Қалтаев, «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Д.Саранова, "Ұлттық волонтерлік желі" ЗТБ әлеуметтік бағдарламалар үйлестірушісі Н.Садуақасова, белсенді жастар қатысқан шарада өңірдің жастар саясатына қатысты мәселелерге назар аударылды, мемлекет тарапынан жастарға қолдау көрсету жайлы келелі мәселелер көтерілді. Сондай-ақ, жастарды еңбек пен білімге талпынуға, азғырулар мен жат ағымдар жетегінде кетпей, бизнес негіздерін меңгеріп, мемлекеттік қолдау бағдарламаларын мақсатты пайдалану насихатталды.
«2020 жыл – Волентерлар жылы» жоспарға алынған маңызды тапсырмалар мен бағыттар сөз етілді.