«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының жазушы, драматург, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Еркінбек Тұрысовтың музей-кабинетін ұлы тұлғалардың қолтаңбасымен сыйға берілген кітаптар қамтиды. Соның бірі – ұлы ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтің өзі сыйға тартқан «Абайдың» 1957 жылы Қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвадағы онкүндігіне арналып Алматыда басылған қызыл мұқабалы кітабы.
Кітапты сыйға алған жазушы Тұрысов ұлы жазушы ағасының алдынан алған қымбат сый, ғажайып өшпес белгі ғана емес, бүтін бір өмірге жететін рухани байлық алып шыққандай әсер алғандығын өз естеліктерінде оқырмандарға әңгімелеп отырады.
Кітапта: «Қадірлі қымбат іні Еркінбекке. Бірнеше жақсы күндерде бірге кешкен сапар және сыйластық достық белгісіне жазушы М.Әуезов.
1959 ж. 25 сентябрь. Кентау»