+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Чернобыль апаты – адамзат қасіреті»

1986 жлдың 26 сәуір күні Украина жеріндегі Чернобыль атом электростанциясында болған алапат апат жайында кітапхана оқырмандарымен тарихи танымдық сағат өткізілді.

Қазақстан Республикасы «Чернобыль ардагерлері» үйлестіру кеңесінің мүшесі Алпыс Сәдірбеков қатысып, үлкен апат пен оның салдары жайлы әңгімеледі.

Жиналған қауым политехникалық колледж студенттерінің Чернобыльге арналған өлең жолдарын тыңдап, кезінде Түркістан облысынан көмекке аттанған бес жүзге жуық ер азаматтардың ерлікке толы еңбектерімен қысқаша танысты.

Кеш соңында осы тақырыпта дайындалған кітап көрмесі таныстырылды