Қарағанды облыстық Абай атындағы балалар кітапханасының қызметкерлері «Отырар» кітапханасында
2019 жылғы 24 қазан күні Қарағанды облыстық Абай атындағы балалар кітапханасының мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімнің басшысы Е.О.Кучаева мен кітапханашы Ыбрайм Жайна «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына арнайы келіп, мәдени ошақтың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Елена Олеговна өз сөзінде кітапхана туралы жақсы пікірін білдірді. Екі тарап өзара ынтымақтастықта тәжірибе алмасып, қызмет атқаруға ұсыныс жасасты.