ТАРИХ БЕТТЕРІНЕН ТАҒЫЛЫМ
Құрметті, оқырман қауым! Назарларыңызға "Тарих беттерінен тағылым" айдарымен "Отырар" кітапханасындағы сирек қордағы құнды еңбектерге қысқаша талдау жасап ұсынып, бөлім қорындағы еңбектермен танысуға шақырамыз.
Ғылыми-зерттеу бөлімінің сирек кітаптар қорында француз жазушысы Анри Барбюстің (1873-1935) 1919 жылы жарық көрген «Огонь» (Дневник одного взвода) атты кітабы оқырмандарын күтеді. Биыл тарихи шындықты егжей-тегжейлі баяндайтын еңбекке 100 жыл толып отыр.
Бұл кітап әр түрлі халықтардың бір-бірінің мәдениетін талқандап, ғасырлар бойы тынымсыз еңбектері мен керемет жұмыстарының жемісін жойып, ғибадатханаларды, сарайларды, үйлерді қоқыс үйіндісіне айналдырып, қалаларды, ауылдарды қиратып күл-талқан етілуі, ата-бабалардан мирас болып келе жатқан жүзім алқаптары мен жазықсыз өлтірілген адамдардың шіріген етімен уланған жер бетін суреттейді.
Роман І дүниежүзілік соғыс шындығы туралы жазылған ең алғашқы еңбектің бірі. Роман кең көлемде оқырмандар сұранысына ие болып, авторды Еуропаға танымал етті. Автор бірінші дүниежүзілік соғысқа өз еркімен аттанды. Бұл кезеңнің өзінде ол бірнеше шығармалардың авторы атанған. Анри Барбюс соғыстың шынайы көріністерін жасап, соғыс тұтандырушыларын әшкерелейді, солдаттарды қырғын соғысты жүргізушілерге қарсы күш біріктіріп күресуге шақырады.
Барбюс ұрыс даласындағы солдаттың ішкі ойлары жайында әңгімелейді. Шығармада оқырман ұрыс даласындағы бір солдаттың көзқарасымен тарихи оқиғаны қарапайым тілмен түсіндіреді.
Жазушы соғысты адамзатты мейірімділіктен алыстататын, хайуандық күй кештіретін табиғи емес, зұлым, қатыгез қылмыс деп бағалайды.
Жалпы оқырман қауым, тарихқа қызығушы жастар мен әдебиет сүйер қауымды аталмыш кітапты оқуға шақырамыз.
Барбюс Анри (1873-1935).
В огне [Текст] : (Дневник одного взвода). Роман / [Пер. Г. Ардениана]. С предисловием Максима Горького. - 3-е изд. - П. : Петрогр. сов. раб. и красн. деп., 1919. - 299 с.