+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Шымкент қалалық Көрме орталығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Дәстүрлі қолөнерді қолдайық!» атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті.

Көрме-жәрмеңкеге Шымкент қаласынан және Түркістан облысынан қырықтан аса қолөнер шеберлері қатысып, өз туындыларымен таныстырды.

Колөнершілердің жасаған еңбектерін бағалап, сараптау үшін әділ қазылар алқасы тағайындалып, жүлделі орындар белгіленді.

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының шет тілі әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Айжан Абдуллаева бисермен жасалған әшекей бұйымдарымен қатысып. ІІ-орынды иеленді.
Айжан әріптес, жүлдеңіз құтты болсын! Еңбегіңіз еленіп, елге қызмет ете беріңіз!