+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ!

Кітапхананаға жанашыр азамат, әрбір жаңа кітап шыққан сайын кітапханаға қарай асығатын рухани досымыз, «Отырар» ауданының әкімі Ерлан Айтаханов мырза бүгінгі күні «Отырар» кітапханасына арнайы ат басын бұрды. Ерлан Қуанышұлы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласының негізінде, өз бастауымен жарық көрген, балаларға арналған «Әжір» журналының 50 данасын кітапханаға тарту етті. Ерлан Қуанышұлына алғысымызды айта келе, өз кезегімізде бұл журналды өңірдегі әрбір облыстық, қалалық, аудандық балалар кітапханаларына таратуды жөн деп ұйғарғанымызды хабарлаймыз.