+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ӨМІРІ ӨНЕГЕЛІ ҚАЛАМГЕР

1927 жылдың 12 қазаны Бәйдібек ауданындағы Қаратау бөктерінде әдебиетке құштар, табиғаты ерекше жаратылған белгілі жазушы, драматург, Халықаралық әдеби» Алаш» сыйлығының иегері Еркінбек Тұрысов дүниеге келген жұлдызды күн. Биыл әдебиетке бергені мол ел ағасына 92 жас толып отыр.

Өз сөзінде жазушы Еркінбек Тұрысов: «Қарымды қаламгер болу үшін біріншіден білім керек, екіншіден адами құндылықтар, ал үшіншіден талант болу керек» дейді.
Қаламгерге ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің дара қасиеттері мен адамшылдық өнегелері сіңген. Табиғатынан парасатты болып туған қаламгердің өмір жолы мен бойындағы еңбекқорлық қасиеттері, талғамдылық деңгейі келер ұрпаққа өнеге.
Барша әдебиет сүйер қауым әдебиет жанашыры, өмірі өнегелі қаламгерді туылған күнімен құттықтап, зор денсаулық тілейді.

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы
Ғылыми-зерттеу бөлімі