Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері - кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың, мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебеп кітапханасының ұжымы арасында 15 қазан күні «Адалдық сағаты» өтті. Шараға Ішкі істер саласының ардагері, полковник Байқозы Әбилдаев пен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру» атты жобаны Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасымен бірге жүзеге асырып отырған Мемелекеттік емес ұйым – «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, қоғам белсендісі Дана Маманова қатысты.