+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Біз жазбаған мақала"

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің әкімшілігі оқушылардың бойына қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік құндылығын дарыта отырып, қазақ тіліне деген патриоттық сезімдерін арттыру, еліне және қоршаған ортаға ерікті түрде қызмет етуге дағдыландыру мақсатында "Уикипедия" клубын жүзеге асырып келеді.
2019 жылдың 16 қазан күні "Отырар" қалалық-ғылыми әмбебап кітапханасының Мерзімді басылымдар бөлімінде клуб мүшелері кітапхана қорын пайдалана отырып "Біз жазбаған мақала" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Клуб мүшелерінің дөңгелек үстел барысында жазған мақалалары ғаламтордағы ең үлкен мәлімет беретін сайттардың бірі "Уикипедияға" жарияланады.
Алдағы күндерде "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен "Уикипедия" клубы бірлесе жұмыс жасайды.