2019 жылғы 16 қазан күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы Ғылыми-зерттеу бөлімінің ұйымдастыруымен «Кедергісіз кітап» әлеуметтік жобасы аясында Түркістан облыстық Ардагерлер үйінде «Кітап – ақыл қазынасы» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті.
Шарада кітапхана қызметкерлері кітап оқудың денсаулыққа пайдасы мен қазақ жұрты үшін ежелден қалыптасқан бата беру дәстүрі, халықтың мінез-құлқын, ой-өрісін, ұлтқа тән қасиеттерін сипаттайтын әдебиеттерді таныстырып, қысқаша талдау жасады. Әдебиеттердегі ата-бабалардан қалған салт-дәстүрлерімізді қастерлей білуге, күнделікті өмірде қолданып, игілігін көру туралы өнегелі сөздер айтылды.
Дәстүрлі әндер айтылып, қара жорға биі тамашаланды.
Шара соңында ардагер ата-апалар алғыстарын жаудырып, кітапхана қызметкерлеріне ақ батасын берді.