+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Мұсаева Жібек Сүйсінбекқызы құнды кітаптарды жеке кітапханасынан сыйға тартты

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Ғылыми-зерттеу бөлімінің сирек қорына бөлімнің тұрақты оқырманы, зейнеткер Мұсаева Жібек Сүйсінбекқызы құнды кітаптарды жеке кітапханасынан сыйға тартты. Сирек қор ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларының толық жинағы (Алматы, 1948 ж./Ред.алқа Н.Т.Сауранбаев, проф.М.О.Әуезов), Жиен жыраудың «Қырық қыз» атты қарақалпақ халқының қаһармандық дастаны (Алматы, 1959 ж.), сондай-ақ, Ер Қосай, Қарабек, Дотан, Арқалық, Төрехан, Ақжонасұлы Кеңес, Манашыұлы Тұяқбай атты жырлардан тұратын «Батырлар жырының» екінші томымен толықты.