Ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге, көркем сөйлеуге үйрету мақсатында 2019 жылғы 2 қазан күні «Ақерке» балалар залының кітапханашылары балаларға арнап ертегі оқып, ертегінің тәрбиелік мәнін түсіндіруге тырысты. Сондай-ақ, ертегі әлеміндегі жан-жануарлардың табиғи жаратылысы мен іс-әрекеттері туралы әңгімеледі.
Ертегіні ұйып тыңдаған балалар ертегі әлеміндегі кейіпкерлер туралы қызықты сауалдарын қойып, өз қиялдарындағы ойларымен бөлісті.