+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Парасатты да данагөй ардагерлер

1 қазан – Парасатты да данагөй ардагерлер күніне орай "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында кітапханада көп жылдар бойы қызмет етіп, зейнетке шыққан қызметкерлермен кездесу ұйымдастырылды. Кітапхана атты киелі шаңырақта көп жылдар бойы абыройлы қызмет атқарған Дана Маманова, Ғалия Сейітқызы, Гүлзада Сәменова, Айлыгүл Аманова, Насия Алтаева өткен шақтарын еске алып, кітапханадағы қызықты сәттерімен бөлісіп, қазіргі кітапханашылардың жұмыстарына табыс пен сәттілік тіледі.
Әр кезде қалың оқырман мүддесіне алаңдап, сананың өсуіне қызмет ететін әдебиеттерді оқыса деп ықылас білдірген зейнеткерлерге кітапхана басшысы Күлия Смайылханқызы ризашылығын білдіріп, сыйлықтар табыс етті.