Сыршыл суреткермен сұхбат
«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында көрнекті ақын, драматург, аудармашы, сазгер, Түркі поэзиясы халықаралық фестивалінің және "Платиналы Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Исраил Сапарбай қалың оқырманымен жүздесті. Кеш барысында ақынның халық арасында кеңінен тараған «Сағыныш сазы», «Ана», «Мен қазақ қыздарына қайран қалам», т.б. әндері орындалды. Сондай-ақ, жастар «Махаббат шайыры» деп атап кеткен ақынның туған жер, махаббат, мөлтек сезім, адал достық жайлы жырлары оқылды.
«Ақындық – маған Алланың берген аманаты. Оны төкпей-шашпай халықтың өзіне берем. Бұл менің өмірлік кредом» деген ақын ағамыз жаңа әндері мен поэзия, драматургия жанрындағы жоспарларымен бөлісті.