+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Туылған күніңмен, Астана!

6 шілде – Астана күніне орай «Отырар» облыстық кітапханасында «Айбыны асқақ, тұғыры биік Астана» атты кеңейтілген кітап көрмесі жасалып, мерекелік кеш өтті. Кеш барысында еліміздің бас қаласы туралы бейне көрсетілім қойылды. Сондай-ақ, қаламыздағы №25 мектеп-лицейінің оқушылары Пернебек Аружан, Пернебек Ұлжалғас, Шымырбай Аяулым «Мәңгілік елдің ұрпағымыз» атты әдеби композиция орындап көпшілікті қуантты. Астана қаласы туралы қойылған викториналық сұрақтарға оқырмандар белсенді жауап беріп, мерекелік көңіл-күйді арттыра түсті. Және осы кеште Қарағанды қаласынан келген жас оқырман Динара Бергенбаева өз өнерін көрсетті.