+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Баян оқулары»

2019 жылғы 26 қыркүйек күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Лучшие люди» Орденінің иегері, Сайрам ауданының Құрметті азаматы Баян Тіленшинаның 70 жасқа толу мерейтойына орай «Мен бүгін қамын жеймін бар Алаштың» атты шығармашылық кеші мен қаламгердің таңдамалы төрт томдық кітабының тұсаукесері мен жасөспірімдер арасындағы «Баян оқулары» байқауы өтті.
Шарада ақын, ардақты ұстаз Баян Тіленшинаның төрт томдық кітабының таныстырылымы, кеш иесінің шығармашылығына арналған конференция жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.
Жасөспірімдер арасындағы байқауға 9 үміткер қатысып, сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені Төлеби ауданынан Көлбай Абылай, І орынды Отырар ауданынан Қалдыбай Құндызай, ІІ орын Сайрам ауданынан Тусупова Толғанай, ІІІ орынды да Сайрам ауданынан Алдияр Бақдәулет иеленді. Қалған қатысушылар мен жетекшілері алғыс хатпен марапатталды.
Байқау үш бөлімнен құралды: Баян Тіленшинаның жырларын жатқа мәнерлеп оқу, ақынның романдарынан үзінді оқу, қаламгердің бір шығармасын талдау немесе бір әнін орындау.
Қазылар алқасы үміткерлерді іріктеу кезінде әдеби мұраны талдаудағы ой мен азмұнды жеткізу шеберлігі мен көркем мәтінді талдау ерекшеліктеріне назар аударды.