+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Алаштың ақ сұңқары»

2019 жылғы 25 қыркүйек күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Ғылыми-зерттеу бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанұлының 125 жылдығына орай «Алаштың ақ сұңқары» тақырыбында ғылыми-көпшілік конференция өтті.
Конференция жас ақын Құлтай Абылайдың ұлт қайраткеріне арнаған жырынан бастау алды.
Жиынға зиялы қауым өкілдерінен жазушы Мархабат Байғұт, ақын Нармахан Бегалы, фантаст жазушы Сарманбай Исақ, ақын Құрал Көмек және басқа да ақын-жазушы, журналистер, студенттер қатысты.
Конференцияға қатысқан ғалымдар мен зерттеушілер, атап айтқанда, алаштанушы ғалым, профессор Хазіретәлі Тұрсын, жазушы-шежіреші Момбек Әбдәкімұлы, филология ғылымдарының кандидаты Нариман Жұмашұлы, Созақ ауданындағы С.Қожанов атындағы музей директоры Ниязәлі Омарбекұлы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әлібек Нұрмаханұлы, тарих ғылымының магистрі А.Оралова ұлт мүддесі күрескерінің өмір жолы мен қызметі жайында деректер мен зерттеулер келтірді.
Конференцияның ажарын ашқан белгілі әнші Марат Әбдіұлы Омаров пен дарынды әнші Жанар Жаппарқұл кеш қонақтарына әсерлі әндерін тарту етті.
Конференция соңына қарай Сұлтанбек Қожанұлына арнап Құран оқылып, ұлы қайраткерінің рухына бағышталды.