2019 жылдың 24 қыркүйек күні Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, ҚР мәдениет қайраткері, журналист, жазушы, "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Айдарбекованың шығармашылығына арналған "Көшбасшылар трибунасы" атты кітапханалық кездесу өтті.
Кездесуде актер Байғали Мақұлбекұлы Есенәлиев сөз алып, Күлия Смайылханқызының шығармашылығына тоқталып, кеш иесіне деген жылы лебізін жеткізді. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы Найманбай Асан ҚР Ұлттық кітапханасына «Маңғытай шежіресі» атты кітапты сыйлай отыра, Күлия Смайылханқызының еңбектеріне тоқталып, шығармашылық табыс тіледі.