+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Қазақтың аяулысы перизаты, өшпейді ешқашанда Фариза аты!»

"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында 2019 жылдың 24 қыркүйек күні ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Халық жазушысы, журналист, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, қазақ ақыны Фариза Оңғарсыноваға арналған «Қазақтың аяулысы перизаты, өшпейді ешқашанда Фариза аты!» атты поэзия кеші өтті. Кеш барысында қаламгерге арналған «Фариза Феномені» атты көрме жасалды. Кеш қонақтары жазушы-драматург Е.Тұрысов, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Н.Бегалы, ақын Қ.Төретай, ақын К.Ахат, жазушы С.Исақ ақын туралы естеліктер айтып, ақын шығармашылығы туралы баяндады. ОҚМПИ студенттері жанынан құрылған «Сыр сандық» ұйымы Ф.Оңғарсынованың шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, №62 Нәзір Төреқұлов атындағы орта мектеп оқушылары, №35 М.Мәметова атындағы мектеп оқушылары ақын жырын жатқа мәнерлеп оқыды. Кешті кітапхана директорының орынбасары А.Арыстанова жүргізді.