+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Қазіргі замаңғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде"

"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер бөлімінің қоры Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының "Қазіргі замаңғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде" жобасы аясында жарық көрген кітаптармен толықты.
Ұлттық әдебиетіміздің қазынасын құнарлы шығармаларымен байытып келе жатқан тоғыз қазақ жазушысының туындылары БҰҰ-ның бес тіліне аударылды. Атап айтқанда: Шерхан Мұртазаның "Бойтұмар", Қабдеш Жұмаділовтың "Дарабоз", Мұрат Әуездің "Главпочтамт", Олжас Сүлейменовтың "Язык письма: Взгляд в доисторию о происхождении письменности и языка малого человечества" және Бексұлтан Нұржекеевтың "Әй, дүние-ай" атты шығармалар ағылшын тілінде, Смағұл Елубайдың
"Ақ боз үй" романы испан тілінде, Дұлат Исабековтың "Қарғын" романы француз тілінде, Қойшықара Салғариннің "Қазақтар" трилогиясы араб тілінде және белгілі балалар жазушысы Шәкен Күмісбайұлының "Балалық шақ - балдәурен" кітабы қытай тілінде.
Қазақстанның халық жазушылары өз шығармаларында ұлттық мәдениеттің көне деректеріне назар аударады, әр түрлі дәуірлердегі қазақ тарихының көркем бейнесін көрсетеді, сондай-ақ мәңгілік рухани құндылықтарға мықты көзқарас туғызады. Бұл тұлғалардың шығармаларымен еліміздің жас буындары отансүйгіштік, өз халқына деген махаббат пен бейбітшілікті бағалау рухына тәрбиеленеді.