+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"ОТЫРАР" КІТАПХАНАСЫ - ЦИФРЛЫҚ ОРТАДА

2019 жылдың 19 қыркүйек күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы "Коворкинг" орталығында "Кітапхана процесстерін автоматтандыру" бөлімінің ұйымдастыруымен "Халықаралық электронды кітап күніне" орай "Отырар кітапханасы - цифрлық ортада" атты ақпараттық сағат өтті.

Сағат барысында бөлім мамандары кітапханадағы цифрландыру жұмыстары, мобильді QR - кітапхана жүйесі, Kitap.kz, ҚАЗҰЭК және "Otyrarlib.kz" сайттары бойынша ақпараттар берді. Сондай-ақ, "RABIS" электронды каталогын пайдалану ережелері жайында жан-жақты талдау жасады. Инженер-жүйе технигі Б.Жакашев қазіргі замануи технологиялардың дамуы мен электронды оқу жүйесінің маңызын тарқата айтты.
Шара соңында қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, көкейкесті сауалдарына жауап алды.