+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Ұлттың ұлы ұстазы»

2019 жылғы 19 қыркүйек күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Шет тілі әдебиеттері секторы мен М.Өтебаев атындағы Жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің бірлесе ұйымдастыруымен тіл жанашыры, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық жолын насихаттау мақсатында үш тілде «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында әдеби кеш өтті.
Шара барысында мемлекеттік тілдің мәртебесі, А.Байтұрсынұлының тіл білімін дамытудағы орасан еңбегі, қазақ тілінің тағдыры мен болашағы жайында мағлұматтар айтылды. Қатысушы жастар тақырып аясында өлең оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді.