+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Ұлы даланың жеті қыры»

2019 жылғы 5 қыркүйек күні сағ.11.00-де «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Руханияттың биігі – әдебиет пен мәдениет» атты кеш өтті. Республикалық Авторлар қоғамына мүшелікке кіру салтанаты өтеді. Барлық авторлық құқығы бар журналистер, қаламгерлер, композиторлар, суретшілер, т.б. журналистика, әдебиет пен мәдениет саласының майталмандары мен жас мамандарын шақырамыз. Аталмыш шараға Алматы қаласынан республикалық Авторлар қоғамының директоры Байғали Есеналиев арнайы келді. Мақсаты - «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазіргі заманғы мәдениеттің үлкен бір саласы – композиторлар, әншілер, қаламгерлер, т.б. өнерін, шағармашылығын насихаттау, авторлық құқықтарын қорғау мәселелерін ұйымдастыру.

Кеш барысында көрнекті ақын, драматург, актер, әнші-композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, республикалық Авторлар қоғамының директоры Байғали Есеналиевтің ұйытқы болуымен «Авторлық құқықтың түйіткіл мәселелері» тақырыбында пікір алысу және Авторлар қоғамына жаңа мүшелерді қабылдап, келісім-шартқа тұру ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, «Ұлы даланың әуезді әуендері» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кездесуге Авторлар қоғамының мүшелері, композиторлар, қаламгерлер, барша көпшілік, мәдениет, әдебиет пен өнер саласының майталмандары қатысты.