«ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ АУЫСУ – ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ»
2019 жылғы 6 қыркүйек күні «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы мен «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ АУЫСУ – ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» атты шеберлік сағаты өтті. Шараға тіл мамандары, кітапхана қызметкерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты. Жиында латын әліпбиіндегі жаңа емленің мазмұны мен жаңалығы,сандық технологиялар арқылы жаңа әліпбиді меңгерту мәселелері талқыланды.