+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Ұлы даланың әуезді әуендері»

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қоры «Шығыстың Нұрғисасы» атанып жүрген Уатқан Жүнісовтың құрастыруымен жарық көрген «Ұлы даланың әуезді әуендері» ән-күй жинағымен толықты. Жинақта қазақстан және қырғыз сазгерлерінің әндері, күйлері, ақын композиторлардың және Шығыс Қазақстан облысының музыкалық аспаптар жасайтын шеберлерінің қысқаша өмірбаяндары топтастырылған.
Кітап музыка мектептері, орта және жоғары кәсіби музыкалық білім беретін оқу орындарының студенттері мен магистрантарына, музыка әдебиеті мен музыка тарихы, негізгі аспап, орындаушылыққа дайындық, орындаушылық шеберлік, эстрадамен ән айту және жалпы өнер сүйер жұртшылдыққа арналған.
Кітапты көрнекті ақын, драматург, әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР авторлар қоғамының бас директоры Байғали Есенәлиев тапсырды және осы жинаққа оның бірнеше әндері енген.