2019 жылдың 30 мамырында ҚР-ның Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы Қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдық тойының жоғары деңгейде өткізу туралы жарлығы шыққан. Абай эстафетасы әрбір азаматқа рух беріп жалғасын табуда. 2019 жылғы 6 қыркүйекте Шымкент қаласындағы Көрме орталығының ұйымдастыруымен "Балбөбек " атты балаларға арналған көрме жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдерін "Отырар" қалалық ғылыми - әмбебап кітапханасы "Ақерке" балалар залының кішкентай оқырмандары мәнерлеп оқыды.