«Мемлекеттік тіл – менің тілім»
2019 жылғы 11 қыркүйек күні «Қазақстан халқы тілдерінің күні» мерекесіне орай Жастар ресурстық орталығында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында форум өтті. Форумда «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен тақырып аясында кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылып, зиялы қауым мен қалың оқырмандар назарына ұсынылды.